ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҰЛЫҚТАЛДЫ
«Отбасым- бақыт мекенім!». Осындай тақырыпта Жаңақорған аудандық кітапханада іс-шара өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен және «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің үйлестіруімен өткізілген іс-шараға аудандағы үлгілі, тәлімі мол, өнегесі үлкен отбасылар қатысты. Шара барысында музыкалық номерлер қойылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Отбасы құндылықтарын сақтаған қазыналы қариялар мен «алтын құрсақты» аналар алтын діңгегі саналатын отбасылардың мол екендігі жөнінде кеңінен әңгіме қозғады.
Соңынан шараны қорытындылаған « Ұрпақтан ұрпаққа қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ж.Бегманова қатысушыларға алғысын білдіріп, ұрпақтар сабақтастығын жалғаған өмірі өнегелі отбасыларға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.