ӨНЕРПАЗДАР АЛЫС АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ
Жаңақорған аудандық №1,2,3 мәдени-демалыс кешендерінің жетекшілері Н.Бабажанов, К.Әкімбаева, С.Ділманов бастаған өнерпаздар клубы жоқ алыс ауылдарды аралап, тұрғындарды рухани сусындатты, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
«Отбасы бақыт мекені» атты тақырыптағы мәдени іс-сапар Қауық, Аққұм, Жайылма бекеті, Ызғар елді-мекендерінде болып, ауыл тұрғындарына арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұсынды. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Б.Әбжаппаров, Ә.Камалова, Ж.Сабырханов, М.Дәрібаев, Ә.Өтепбергеновтердің өнері жұртшылық көңілінен шығып, жиналған халық ыстық ықыласын білдіріп, ауыл ақсақалдары ақ баталарын берді.