АЗАМАТТЫҚ ІС ТАРАПТАРДЫҢ ТАТУЛАСУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫСҚАРТЫЛДЫ
Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы К.А.-ның 46 000 теңге өндіру жайлы азаматтық ісі қаралды. Бұл туралы Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.
Сотта талап қоюшы жауапкер С.А. 2014 жылдың күз айында әйелдерге арналған алтын сырға жүзігімен комплект 86 000 теңге және 2 күміс жүзікті 10 000 теңгеге, барлығы 96 000 теңгеге заттарды алғанын, оның 50 000 теңгесін төлегенін, ал қалған 46 000 теңгені беретіндігі жөнінде тіл хат жазып бергенін, осы уақытқа дейін әр түрлі сылтаулар айтып бермей жүргенін көрсетті.
Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, азаматтық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, азаматтық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.