ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖҰМЫС ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Игі шара ауданда биыл екінші рет өткізілуде. Жалпы, жәрмеңкеге 27 мекеме мен кәсіпорыннан 41 жұмыс түрлері бойынша сұраныс түсті. Шараға мекеме басшылары мен меңгерушілер жұмыс іздеушілермен ашық түрде тілдесіп, құжаттарды рәсімдеп жатты. Жұмыс тапқандарының көзі бал-бұл жайнап, қуаныштары қойнына сыймай жүр.
Дерек көздеріне қарағанда, 2015 жылдың 1-тамызына дейін жұмыссыздық мәселесімен орталықпен байланысушылар саны 1056 адам. Соның ішінде жас кадрлары – 394. Тарқатып айсақ, жоғары біліміділері – 178, арнаулы орта білімі барлары – 262, орта білімді азаматтар саны – 616-ны көрсетіп отыр. Биылғы жылдың қырқүйек айына дейін 644 адам жұмысқа орналастырылса, оның 259-ы жастар екен.
Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Айтбембетің айтуынша, аудан бойынша экономикалық белсенді халық саны – 36 587 адамды құраса, оның жұмыспен қамтылған халық саны – 34695 адам. Бұл дегеніміз халықтың жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрайды. Яғни, 2014 жылдың қорытындысымен салыстырғанда жұмыссыздық 0,3 пайыз төмендеп, ауданның тұрмысы біршама түзелген.
– Жалпы жәрмеңке халық игілігі үшін жасалып жатқан игі іс. Бұл жолғы жәрмеңкеде өзіндік ерекшелігі бар. Ал, алдынғы жәрмеңкелерде алдын ала жұмыссыздыққа тіркеліп, кезегінде күтетінсің. Бұл жолы жәрмеңке барысында тіркеліп, жұмысқа орналасып кете алады. Тек сіздің мамандығыңыз сұранысқа ие болып, мекеме басшысының талаптарына сай болса болғаны. Міне, қазір ғана осы жерге жұмыс сұрап келген жас отбасы тұр. Өзі ІІІ-топқа жататын мүмкіндігі шектеулі кент тұрғыны Т.Әбдірашитов пен жұбайы Г.Балдыбекова. Олардың пікірін тыңдап, Елбасы Н.Назарбаевтің Жолдауына сүйеніп, №51 орта мектептің директоры Манасбай Тұрабай мен азамат Т.Әбдірашитовты екі жақты кездестіріп, кезектен тыс жұмысқа орналасуын қамтамассыз еттік – деді «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев.
Жұмыссыздар екі қолға күрек табуына ықпал етіп жүрген аудан басшысы Руслан Рүстемовке алғысын айтты.