ЖАҢАҚОРҒАНДА ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРИМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ САРАЛАНДЫ
Жаңақорған ауданы әкімдігінің мәжіліс залында терроризм мен экстримизмнің профилактикалық көрінісі мен ескертуі туралы семинар өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Аудан әкімі Руслан Рүстемов модераторлығымен өткен семинарда «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті зейнеткерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрсын Айжулов және президиум мүшесі Уалитхан Кабишев баяндама жасады. Сонымен қатар, Жаңақорған жеріне арнайы келген ҚР ҰҚК-нің ардагерлері терроризм мен экстримизмге қарсы тұтас ел болып күресуге, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Семинарға аудан активі, аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия мүшелері, аудандық ардагерлер ұйымының мүшелері, мектеп директорлары мен «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, мешіт имамдары, құқық қорғау органдарының өкілдері, белсенді жастар қатысты.
Шара барысында келген қонақтарға ұсыныс-сауалдарын жолданды.