АУДАНДЫҚ СОТ ҰЖЫМЫ БАЛАЛАРҒА ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ТАРТУ ЕТТІ
Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н. Қосановтың бастамасымен «Отбасы - отбасына көмектеседі» атты акция өтті. Бұл туралы соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
Аудандық «Нұр Отан» халықтық партиясы ғимаратында сот ұжымы шара барысында жағдайы төмен отбасыларына көмек қолын созып, 5 жанұяның мектеп жасындағы балаларына оқуға қажетті құрал-жабдықтарын тарту етті.
«Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің» дей келе, аудандық сот төрағасы алдағы уақыттарда да осындай іс-шараларға ұжыммен бірге атсалысатынын атап өтті.
Шара соңында отбасы мүшелері ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.