"БОЛАШАҚҚА ҚАРЖЫ САЛАМЫЗ" АКЦИЯСЫ ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖАЛҒАСТЫ
«Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық» жобасы аясында «Болашаққа қаржы саламыз!» акциясы Жаңақорған ауданында өз жалғасын тапты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға аудан әкімі Руслан Рүстемов қатысып, мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесі бойынша ақшалай салым иегерлері 15 балаға алғашқы қаржысы аударылған сертификат табыстады.
«Бақытты балалық» жобасы бойынша іске асырылып жатқан «Болашаққа қаржы саламыз!» акциясы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған. Яғни, екінші дәрежедегі банктерге ақшалай қаржы жинақтау жолымен - балалардың жоғары білім алуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылуда. Аталмыш шараға партияның мүшелері, депутаттар, ҮЕҰ жетекшілері, жасотандықтар мен жас кәсіпкерлер атсалысты.
Айта кетейік, акция бойынша республика бойынша 3000, облыста 150 балаға салым салу көзделсе, аудан бойынша 15 балаға салым салу жоспарланған болатын.