«ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ РУХАНИЯТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
«Зайырлы қоғам және жоғары руханият». Осы тақырып аясында «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында облыстық форум өтті. Білім беру, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері, ҮЕҰ-мүшелері, жастар жетекшілері, діни бірлестік өкілдері қатысқан форумды аудан әкімінің орынбасары Б.Айтбембет жүргізіп, ауданда қалыптасқан діни ахуал жайлы хабарлады, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Алғашқы кезекте облыстық ішкі саясат басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығы директоры Б.Камалов «Зайырлылық–біртектілік пен бірліктің кепілі» тақырыбында баяндама жасады.
– Зайырлылық пен діни құндылықтардың тоғысар тұсы – Елбасы Жолдауында айтылған «жоғары руханият» түсінігі. Халқымыз ғасырлар бойы дінді руханилықтың негізі санап келеді. Ұлттық рухани құндылықтар дін қағидаларымен үндесіп жатыр. Сондықтанда дін саласындағы ақпараттық ағартушылық жұмыстардың өзекті бағытының бірі – дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту шараларын үдету–деді Б.Камалов өз баяндамасында.
Мұнан кейін мінберге көтерілген аудан прокуроры М.Досмағамбетов «Зайырлылықтың қазақстандық моделі – жат діни ағымдарға басты тосқауыл», қоғам қайраткері С.Аңсат «Рухани құндылықтар – зайырлылық кепілі», дін мәселелерін зерттеу орталығының Сырдария ауданы бойынша бас маманы Б.Убаев «Дәстүрлі құндылық және радикалды идеология» тақырыбында тұщымды хабарламаларын жасады.
Форум соңында жергілікті дінтанушы Ш.Айдаров зайырлы қоғамдағы дінаралық татулықтың қағидаттарын, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі ұстаным мен рухани құндылықтарды халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында Үндеу мәтінін жариялады.