МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ "100 НАҚТЫ ҚАДАМ" ҰЛТ ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Кеше Жаңақорған аудандық аурухананың мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы белгіленген ұлт жоспарын насихаттау жиыны өткізілді, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Оған «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев, «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Қ.Әбдуов пен емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары және медицина қызметкерлері қатысты.
Аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға арналған стратегиялық жоспар жайында кеңінен мағлұмат беріп, жан-жақты түсіндірді. Оның айтуынша, Елбасы жариялаған 100 нақты қадам Ұлт жоспарында медицина саласына үлкен көңіл бөлінген. Сондай-ақ, басқосуда 100 нақты қадамның медицина саласына арналған қадамдары қарастырылды. Яғни, әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, жекеменшік медицинаны дамыту және дәрігерлік қызмет сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында, ақ халаттылар 100 нақты қадам көрсетілген ұлт жоспарын жүзеге асыру міндеттері жайында ойларын ортаға салды.