ЖАҢАҚОРҒАНДА ДОЙБЫДАН САЙЫС ӨТТІ
Конституцияның 20 жылдығына орай "Ордакент" ардагерлер, жастар ресурстық орталығында Жаңақорған ауданы бойынша пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталғандар арасында дойбыдан сайыс өткізілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, Жаңақорған ауданы бойынша пробация есебінде 60-қа жуық, оның ішінде 15 әйел тұрады. Пробация қызметінің аға инспекторы, әділет аға лейтананты А.Момбековтің мәліметі бойынша, егер де осы пробация есебінде тұрған азамат немесе азаматша тәртібі жақсы болса берілген жаза мерзімінің жартысын ғана өтеп, тізімнен алынады. Ал егер осы уақыт аралығында тәртіпке көнбей қашып жүріп, ай сайын тіркелмесе әкімшілік жазаға тартылады. Сонымен қатар, егер қылмыс жасаған болса, сотталатындығын жеткізді.