ЖАҢАҚОРҒАНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҮЙЛЕСТІРІЛДІ
Жаңақорған аудандық мешіттің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жақыныңа жәрдемдес» қайырымдылық акциясы биыл үшінші мәрте өз жалғасын тапты, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және тұрмысы төмен 45 жанұяға азық-түлік өнімдері үлестірілді. Оның ішінде ұн, макарон, өсімдік майы, күріш, қант өнімдері бар. Жаңақорғандық жомарт азаматтардың материалдық тұрғыдан көрсеткен жылу жәрдемі жергілікті әлеуметтік көмекке зәру отбасыларына табысталды. Мәрт мінезді кәсіпкерлерге алғысын жеткізген ауданның бас имамы Сайдулла Омаров жиылған жамағатты қашанда жақсылық жолында жарысуға үндеді.