МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ АНА АЛЫП БАЛАНЫ ӨМІРГЕ ӘКЕЛДІ
Ұзақ жыл бойғы бала сүйсем деген арманы орындалған Әйгерім Аймаханова 34 жасында ана атанды. Бүгін аудандық перзентханадан шыққан оны сала мамандары мен ҮЕҰ жетекшілері салтанатты түрде қарсы алып, ақ тілектерін білдірді. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Аман-есен босануына жағдай жасаған ақ халатты абзал жандарға алғысымыз шексіз. Біз батыр бала дүниеге келді деп қуанып жатырмыз. Өйткені сәбидің салмағы 4,7 келі екен. Алла ұзақ ғұмыр беріп, бауы берік болсын», - деген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев жергілікті кәсіпкер Қ.Қарақожаевтың атынан велисопед сыйға тартты.
Саланың бөлімше меңгерушісі З.Аметова мен «Жастарды қолдау орталығы» аудандық бөлімшесінің жетекшісі Н.Бәкіров жалынды жастар қауымы атынан құттықтап, оған гүл шоғын табыстады.