ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАТАҚХАНА АШЫЛДЫ
Кеше Жаңақорған ауданының дамуына өз үлесін қосып келе жатқан жерасты кен орындарын зерттейтін "Геотехносервис" ЖШС мекемесінің жұмысшы мамандарына арналған 50 орындық жатақхана және 4 отбасымен бірге тұратын тұрғын үй кешенінің ашылуы болды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Ашылу салтанатына Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Серқожа Ыдырысов, "Геотехносервис" ЖШС бас директоры Нұржан Зиябекұлы, ауыл ақсақалдары, ауыл имамы, Байкен-U, Қызылқұм ЖШС мекемелерінің басшылары келіп қатысты.
- Кез келген кәсіпорын үшін негізгі жұмыстарының бірі елдің дамуына өз үлесін қосу және жұмысшы мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады. Жатақханаға ауылымыздың 11 адамы тұрақты жұмысқа орналасты, оның ішінде үшеуі 29 жасқа дейінгі жастар. Келген қонақтар жылы лебіздерін айтып құттықтады. Ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, жұмыстарына табыс, ұжымға ауызбіршілік тіледі. Нұржан Зиябекұлы алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісе отырып, келесі жылы тағы бір цехтың салынатынын, құрылыс және басқа да жұмыстарына ауылдың жұмыссыз адамдарын жұмысқа орналасуына тікелей өзі ықпал жасайтынын айтып қуантты, - делінген хабарламада.