ЖАҢАҚОРҒАНДА ҚЫМЫЗХАНА АШЫЛДЫ
Қазіргі уақытта қат болып отырған ұлттық тағам түрлері-айран, сүт, қаймақ, шұбат, қымызбен сусындатып, көптің сұранысын қанағаттандыру қамына білек сыбанып кіріскен жаңақорғандық жас Бекзаттың бастамасы көңіл қуантарлық.
Жас кәсіпкер Бекзат Қыдырбаев кент орталығынан қымызхана ашты, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі. Ұлттық нақышпен өрнектеліп, жасау-жабдықпен жасақталған киіз үй іші жайғасып сусындауға ғана емес, демалуға да ыңғайлы. Қымызханаға алғаш болып бас сұққан ел ағалары кәсіпкер азаматқа дән-риза. Кәсіпкер жігіттің иелігінде 10 биесі бар. Қымызхана дастарханында саумал, ашыған қымыз, айран-сүт, қаймақ, бауырсақ, құрт сынды ұлт-тағамдары қатар тізіліпті. Бұл орын дәмхана ғана емес келешек зиялы қауым өкілдері бас қосатын өнегелі орын болғалы тұр.