ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІН ҚАРСЫ АЛДЫ
Жаңақорған аудандық мешітінде мың айдан да қайырлы болған Қадір түнін жамағатқа пайдалы, сауапты құлшылықпен өткізуге барлық мүмкіндік жасалды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Қадір түні қарсаңында мешіт асханасында ораза ұстаған жамағатқа аудандық мәслихат депутаты, белгілі кәсіпкер Рахымбаба Құтыбаев ауызашар берді. Кеш барысында мешіттің имамдары тағылымы мол уағыздар айтып, құптан және тарауық намазы оқылды. Ауданның бас имамы Сайдулла Омаров күллі мұсылман жамағатын Қадір түнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мұнан кейін ислам дінінің тарихы жайында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, әрбір дұрыс жауапқа сый-сияпат беріліп, жиылған жамағаттың көңілін көтерді.
Айта кетейік, Қадыр түніне арнайы зиялы қауымдармен қатар аудан әкімі Руслан Рүстемұлы да келіп Алла Тағалаға құлшылық етіп, барша жамағатты қадір түнімен құттықтады.
Таңғы сәрелерін мешіт асханасында ішкен жамағат таң намазын оқып, Алла Тағала Рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етсін деген ниетпен тарқады.