ҚОЗЫЛАР ҚАТАРҒА ҚОСЫЛДЫ
Жаңақорған ауданында төтеннен келген кеселге қарсы аудан басшылығының тікелей ұйымдастыруымен жүргізілген ветеринарлық емдеу, алдын-алу шаралары алғашқы нәтижелерін бере бастады. Нақтылай айтқанда, ауруға ұшыраған 185 қозы сапалы жүргізілген емнің арқасында толық сауығып, қатарға қосылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Мал- жаның аман ба?" деп сәлемдесетін халқымыз үшін бұл, әрине, қуанышты жәйт. Айта кету керек, 24 маусымнан бері Жаңақорған ауданындағы бірқатар шаруа қожалықтарында уақ мал, әсіресе биыл туылған қозылар өліп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Жаңақорған ауданы бойынша 10 ауылдық округтегі және 2 кент орталығындағы жеке тұлғалардың 3620 қойы өлді.