ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІН ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Бүгінгі таңда Жаңақорған кентінде «Автоматтандырылған газ тарату стансасы» құрылысының ішкі жер қазуымен сыртқы қоршау жұмыстары аяқталып, іргетастары толығымен құйылған.
Сонымен қатар «Шымкент-Бейнеу» магистральді газ құбырына қосу аралығы жобадағы салынатын 1,08 шақырымның 220 метрі салынып, қалған 860 метрдің құбырлары жалғанып жатыр. Бұл құбырлар сынақтан өткізілгеннен кейін салуға рұқсат беріледі.
Бүгінде кентішілік газ тарату құбырлары жұмыстары жүргізілуде. Барлығы бүгінге дейін 117,500 шақырым қазу жұмыстары жүргізіліп, құбырлар салынуда. Құрылыс жұмысына 120 жұмысшы жұмылдырылса, оның 114- жұмысшысы жергілікті жер тұрғындары.
Айта кетейік, қазірге дейін үйге газ тарту жұмыстарына кент тұрғындарынан 249 өтініш қабылданған. Оның ішінде 100 үйдің жобасы жасалынып отыр.