ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ ЖАҢА ӨНДІРІС
Заман талабын, нарықтық қатынастың тынысын уақытылы сезіне білген жастың бірі – жаңақорғандық Мұратбек Рыспанбетов. Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жастайынан малшының баласы болып, еңбекке шыңдалған ол қиыншылықтан қорықпай, кешегі қоғамдық өзгерістердің алаң-бұлаңында тәуекел деп белсенді шаруаға араласты. Әуелгіде зейнетақы жинақтау қорында қызмет атқарса, кейіннен Ақтау қаласындағы құрылыс заттарын өндіру кәсіпорнында жылу ұстағыш материалдар дайындау цехында менеджер қызметін атқарды. Осында тәжірибе жинақтай келе: «Неге, осы қажетті құрылыс материалдарын өзіміз жасап шығармасқа?» деп ой түйген еді. Осылай жүргенде арада тағы да біршама уақыттар өтіп кетті. Алайда, баяғы мақсат ұмытылмады, ақыры осы шаруаға білек сыбана кірісті.
– Газоблок атты құрылыс материалы қазіргі уақытта өте қажет нәрсе. Мұны біздің оңтүстік өңірінде әзірге көп қолдана бермесе де, өркениет ордасы – Астана, Алматы қалаларында тиімді пайдаланылуда. Біріншіден, жылу ұстағыштық қасиеті жоғары, екіншіден экологиялық таза. Өнімді. Берік. Жеңіл. Және де оның сәулеті де заманауи талаптарға сай келеді, – дейді кәсіпкер жігіт.
Мұратбек Рыспанбетовтің өзі қолға алған цехында газоблоктан басқа шлакоблоктар да шығарылады. Бағасы қолжетімді. Өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша несие алып, құрылыс материалдарын шығаруға қажетті жабдықтарды Ресейден тасыды. Олардың қатарында «Алтайский машина компрессорный аппарат» аталатын жабдығы кәсіпкердің ойынан шықты. Шағын цехта екі ғана адам еңбек етсе де, күніне 120 данадан шығара отырып, айына 2500-3000 дана сапалы өнім дайындауға мүмкіндік бар. Мәселен, бір тұрғын үйдің құрылысына 1500 дана газоблок кететін болса, Мұратбектің цехы бір айда екі тұрғын үйге қажетті материалды дайындап үлгереді деген сөз.
Иә, замана талабын жете сезіне білген жас жігіт Жаңақорған кентінде тұрып, еңбек етіп келеді. Өзінің негізгі жұмысымен қатар, ол қымыз өндіруді қолға алғалы біраз болды. Саумал ішкісі келіп кезекке асыққан жаңақорғандықтардың біразын сол жерде көрдік. Кейіпкеріміздің жоспарында мал шаруашылығын дамыту және халықты арзан сүт өнімдерімен қамтамасыз ету міндеттері де тұр.

Комментарии 2