ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР АСТАНА КҮНІН АТАП ӨТТІ
Елімізді әлемге паш еткен Астана күнін жаңақорғандықтар ерекше жағдайда атап өтті.
Кеш қарая Жаңақорған кентінің орталық алаңына жиналған жұртшылық «Еркіндік Елордасы-Астана» атты салтанатты шаралар мен мәдени ойын-сауық бағдарламаларын тамашалады. Мерекелік кеш аудан жастарының флеш- моб биімен басталды. Мұнан кейін тұрғындарды айтулы мерекемен аудан әкімі Руслан Рүстемов құттықтады.
«Елорда - Елбасы ерлігі. Астана- тәуелсіз қазақ елінің жасампаз жаңа шежіресінің басы, бүкіл қазақ халқының даңқын төрткүл дүниеге танытар символы»,- деп атап өткен Руслан Рүстемұлы еліміздің бас қаласына айналған Астанамыздың даңқы дараланып, мерейі асқақтап, өркендей берсін деген ізгі тілегін жеткізді.
Аудан басшысының құттықтау сөздерінен кейін атаулы мерекеге орайластырылған марапаттау рәсіміне көшті. Салтанатты шарада көпжылғы еңбегі мен ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін бірқатар азаматтар облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар Астана құрдастары мен аталмыш мереке күні шаңырақ көтерген жас жұбайларды да аудан әкімі құттықтап, неке куәлігін салтанатты түрде табыстап, жас отбасыға сый- сыяпат жасады.
Салтанатты кеш аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен және отшашумен тамамдалды.