ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАСТАР ТАРИХЫН ТАНЫП БІЛМЕКШІ
Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясында «Ауғаныстан соғысы және патриот жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жаңақорған жастары жазиралы даламыздың сырын ішіне бүккен құпиясына бір үңілмекке сапарға шықты. Сапарға әр ауылдық округтен 14-29 жас аралығындағы 45 жас шықты.
Алдымен тарихтағы ежелгі қалашық Сығанақтың орнына барып тарихымен танысты. Аудандық мұражай қызметкері Таждинов Бақдәулет қаланың тарихымен таныстыра отырып, негізі қаланған тұстан бастап, тарихшы ғалымдардың деректерін тілге тиек ете отырып жастарға мол мағұлмат берді.
Келесі бағыт Түркістанның солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі - Сауран қаласы. Сауран сапарынан соң жігерлі жастар қауымы «Ақтас мешіті» мен «Айқожа ишан» кесенесімен танысты. Жастар бабалар рухына құран бағыштап, жолсапарды түйіндеді.