«ЖАҢАҚОРҒАН ТЫНЫСЫ» ГАЗЕТІ РЕДАКЦИЯСЫНДА САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Бірінші кезекте басылымның бас редакторы Қ.Әбдуов ақжолтай ақпарымен бөлісті. Яғни, облыстық «Қанатты қалам-2015» байқауының нәтижесінде «Жаңақорған тынысы» газеті аймақ басшысы Қ.Көшербаевтың қолынан «Үздік газет» номинациясына ие болғанын қуанышпен жеткізді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Мұнан кейін бөлім, мекеме басшылары тілшілер қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, сый-сияпат табыстады. Салтанатты шара аудан әкімі Р.Рүстемовтің сала ардагерлеріне арналған мерекелік дастархан басындағы басқосуына ұласты. Төл мереке иелеріне деген ақжарма лебізін жеткізген аудан әкімі ойын былайша сабақтады:
– Жаңалықтың жаршысы «Жаңақорған тынысы» газеті 1933 жылдан өзінің тарихи жолында жақсылығын жұртқа жеткізіп, халықтың мұңын, елдің жайын ескеріп отырды. Бүгінгі жетістік шығармашылық әлеуетінің артуы мен журналистердің кәсіби деңгейінің шыңдалғанын көрсетеді. Руханиятқа жаны жақын аға-апалар мен қаламгерлер қауымын төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын – деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері де газеттің бүгіні мен болашағы хақында әңгіме өрбітті. Шара барысында аудандық мәдениет үйі өнерпаздары халық әнінен шашу шашты.