ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІ ТАМАШАЛАДЫ
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени этнографиялық орталығы мен Нұртас Оңдасынов атындағы қалалық мұражайы жаңақорғандықтарға көшпелі көрме ұйымдастарды, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Алғашқылардың бірі болып, көрмені аграрлы-техникалық колледж студенттері тамашалады. Аудандық тарихи-өлкетану музейі залына орналасқан тарихи жәдігерлер мен мемлекет және қоғам қайраткері Н.Оңдасыновтың қолданған бұйымдары, фото-шежіресі келушілерді қызықтыра түсті. Орталық мамандары құнды экспонанттарын таныстырып, жол түскенде Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени этнографиялық орталыққа қонақ болуға шақырды.
Айта кетейік, көшпелі көрме Құттықожа ауылындағы "Тау самалы” тынығу лагеріне ат басын бұрады.