ЗАҢСЫЗ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗГЕН МАЛ ДӘРІГЕРІНЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Жаңақорған аудандық прокуратурасымен Көктөбе ауылының тұрғыны К.Құлманованың өтінішіне сәйкес, «Жаңақорған аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тексеру жүргізіліп, заңдылықты бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бөлімнің мемлекеттік ветеринариялық дәрігері және Жаңақорған аудандық мал дәрігерлік станциясының мал дәрігерлері, жеке кәсіпкер К.Құлманованың «Рахман» шаруа қожалығынан қажетті ақпараттарды сұрату арқылы заңсыз тексеру жүргізіп, жеке кәсіпкер тарапынан заң бұзушылықтар анықталғандығы туралы акт жасаған.
Осыған орай, Жаңақорған аудандық прокуратурасымен 29.05.2015 жылы Бөлімнің мемлекеттік ветеринариялық дәрігеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабы 1-бөлігі 1 және 2-тармақтарымен әкімшілік іс қозғалып, Жаңақорған аудандық сотымен құқық бұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 39640 теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілді.