ЖАҢАҚОРҒАНДЫ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгінде кентішілік газдандыру құрылысы жұмысы қарқынды жүргізілуде. Жалпы аудан орталығында 254 шақырым газ құбырын жүргізу межеленген. Тұрғындар тарапынан көгілдір отынды үйге кіргізу жұмысы бойынша белсенділікті арттыру мақсатында аудан әкімінің орынбасары С.Ыдырысов бастаған бір топ сала мамандары кенттегі 6 білім ошағы ұжымымен кездесті. Бұл туралы аудан әкімі баспасөз қызметінен хабарлады.
–Қазіргі таңда тұрғын үйге газ кіргізу бойынша құрылыс жобалау жұмысына өтініш қабылдануда. Мекеме бөлімшесі кент әкімшілігі ғимаратының I-қабатында орналасқан. Көшеден газды кіргізу құны үйдің қашықтығы және ішкі жалпы көлемі өлшенгеннен кейін нақты белгілі болады. Баспасөз бетінде жүрген 138 мың теңге белгіленген баға емес. Одан төмен болуы әбден мүмкін. Сондай-ақ тұрғын үйді газдандыру қызметінің төлемақысы яғни, 138 мыңнан бөлек газ құрал-жабдықтар (қазандық, газ есептеуіш құралы, газ қысымын тұрақтандырғыш құрал) ақысын «Kaspi bank»-тің тұтыну несиесіне сатып алу мүмкіндігі қарастырылған, – деді «Қазтрансгаз Аймақ»АҚ Қызылорда филиалы бөлімінің басшысы Е.Жабаев.
Сондай-ақ мамандар сөзінен белгілі болғаны, ескі пешті бұзудың қажеттілігі жоқ. Қосымша авариялық жағдайда іске асады. Көшесіне газ құбыры жүргізілмеген тұрғындарда құрылыс жобалау жұмысына өтініш беріп, алдын ала газ қондырғысын орнатуына кедергі жоқ.