ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАСТАР ДІН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы жастар ресурстық орталығының жылдық жоспарына сәйкес, «Діннің қоғамдағы рөлі және жастар тәрбиесіндегі маңыздылығы» тақырыбында Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде кездесу болып өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуге «Хисамиддин» мешітінің имамы Ж.Ашимов, «Құм-Саһаба» мешітінің имамы Е.Сейтжаппаров, «Ақбаян» қоғамдық бірлестігінің төрайымы К.Абилтанова, «Ауған соғысы ардагерлері және патриот жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Аблакимов және коллдж студенттері мен ата-аналар қатысты.
Жиын барысында облыстық ішкі істер департаментінің діни экстремизм мен терроризмге қарсы аға жедел уәкілі Нұрлан Үсенұлы қазіргі кезде заң бұзушылықтар мен интернет беттеріндегі экстремистік бағыттағы діни сайттардың қоғамға тигізер зардаптары жайлы сөз қозғады. Ары қарай облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығы Жаңақорған аудандық бөлімшесінің теолог маманы Шоқан Айдаров «Діннің қоғамдағы орны» тақырыбында өз баяндамасын жасап, қатысушылар өзара пікір алмасты.