ЖАҢАҚОРҒАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ТИІМДІ ШАРАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Жаңақорған ауданының «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында «Құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің тиімді шаралары» атты аудандық форум өтті. Аудан әкімінің орынбасары Б.Айтбембет жетекшілік еткен жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен онымен қарсы күрес бағыты тақырып өзегіне айналды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Алғашқы кезекте аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ғ.Тұрсекеев «Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастырудың тиімді шаралары және аудандағы ахуалы» туралы хабарласа, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басты міндет» атты баяндамасын жеткізді. Мұнан кейін ҚР-ның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қызылорда облысы бойынша департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің бас маманы Д.Бектұрсынов сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді шараларын тілге тиек етті. Сондай-ақ аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлім басшысы Ж.Дюсенбаева осы бағытта атқарылған шаралар легіне тоқталды.
Аудандық форумды ҚР-ның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қызылорда облысы бойынша департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің басшысы Р.Тен қорытындылады.
Ауылдық округ заңгерлері мен есепшілері, колледж студенттері мен қоғамдық бірлестік жетекшілері қатысқан форум соңында қоғамда сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында жастар үндеу жариялады.