ЖАЙЫЛМАНЫҢ ҚАРБЫЗЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Таудың суымен суғарылған тіл үйірер қарбыздар қолдан қолға тимеуде. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
- «Дәмді дарбызды жаңақорғандықтардан бұрын кәсіпкерлер еліміздің солтүстік және орталық аймақтарының тұрғындарына тасымалдап пұлдауда. Алғаш болып пленка астында көлегейлеп баптаған «Жиделі» шаруақожалығы қарбыздың келісін 25 теңгеден сатуда. Бұл баға диқандар үшін көңілге қонымды, маңдай терді ақтайды», - делінген хабарламада.
– «Жалпы ауылда диқаншылықпен айналысатын 8 шаруақожалығы бар. Сәуірден бастап қазан айының 1-не дейінгі мерзімде 210 адам маусымдық жұмыспен қамтылады. Білесіздер, біздің ауыл «Батыс-Еуропа Батыс-Қытай» күре жолының бойында орналасқан. Сондықтанда диқандар үшін ауылдың кіре-беріс қақпасы тұсына қауын-қарбызын сатамын дегендерге темірден бастырма соғып, жағдай жасаудамыз. –дейді, ауыл әкімі Т.Зейдалиев.
Айта кетейік, барлық диқандар гектарына мемлекет тарапынан 9000 теңгеден жеңілдетілген субсидия алатын болады.
Шынар БЕКБАН

Комментарии 1