ЖАҢАҚОРҒАНДА АУДАН ӘКІМІ БАЛАБАҚШАДА БОЛДЫ
Кеше Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде «Ақсымбат» жеке балабақшасының ұйытқы болуымен «Әсем күлкім-балалығым, тәрбиешім-даналығым» атты іс-шара өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Мерекелік шараға аудан әкімі Руслан Рүстемов қатысып, бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, арнайы концерттік бағдарламалар балалардың көңілін көтерсе, мереке иелері де қонақтар алдында өз өнерлерін паш етті.
Қорытындысында шараға белсене қатысқан ата-ана тәрбиеші және балабақшада тәрбиеленушілердің бәрі арнайы сыйлықтармен марапаталды.
Айта кетейік, «Ақсымбат» жеке балабақшасы 2013 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде онда 75 бала тәрбиеленуде.