ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ҰБТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 81,6 ОРТАША БАЛДЫҚ КӨРСЕТКІШТІ ҚҰРАДЫ
Кеше Жаңақорған ауданы бойынша мектеп бітіруші түлектердің бірыңғай ұлттық тестілеу сынағы № 110 мектеп лицейінде өткізілді. Білім сынағына 880 мектеп бітіруші түлектің 519-ы қатысты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы тестілеу сынағы ауданымызға оң нәтиже әкелді. Олай дейтін себебіміз тест қорытындысы бойынша биылғы 14 «Алтын белгіден» үміткердің 10-ы өздерінің лайықты екенін дәлелдеді. Орташа балдық көрсеткіш 81,6-ны құрады. Ал бұл көрсеткіш өткен жылы 68,5-ті құрап, 4 оқушы «Алтын белгіні» қорғап шыққан болатын.