ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖУРНАЛИСТЕР ЖИНАЛДЫ
Жаңақорғанда журналистер жиналды. Аймақтағы бүкіл журналистерді жинаған бұл басқосудың айрықша болатын жөні бар, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өлкетану саяхаты ретінде ұйымдастырылған бұл кездесудің сипаты қызғылықты болғанын айта кету керек. Екіншіден, бұл атқарушы билік пен журналистердің арасында өткен еркін форматтағы жүздесу болды. Облыстық форумның пленарлық отырысында аудан басшысы Руслан Рүстемов сөз сөйледі.
Жиында «Сыр бойы» облыстық газетінің бас редакторы Жұматәлі Әбдіраманұлы және «Қазақстан» РТРК АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Айсұлу Қасымова аймақ журналистикасындағы негізгі мәселелерді ортаға салып, қол жеткен жетістіктерді тізбектеді. Ресми жиыннан шыққан шығармашыл азаматтар Сауран қаласына ат басын тіреп, онда жасалған көне қаланы қайта жаңғырту жұмысымен танысты. Одан кейін, Қаратау бөктеріндегі тарихи орындарды аралап, табиғат аясында демалды. Онда журналистер ортақ тақырып бойынша пікір алмасып, соңы спорттық ойындарға ұласты.