ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ФЕРМЕРЛЕР ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ МЕҢГЕРУДЕ
Қызылорда облысының шаруалары өз қожалықтарында жаңа технологияларды енгізіп, шапағатын көруде. Мәселен, жаңақорғандық Итаяқовтар отбасы күн сәулесінен қуат алып отыр. Олар мұндай мүмкіндікке «Жұмыспен қамту- 2020 жол картасы» арқылы қол жеткізген. Жалпы аймақтағы көптеген қарапайым адамның жаңа кәсіпті игеруіне осы бағдарлама септесті, деп хабарлайды astanatv.kz.
Мал шаруашылығын кәсіп еткен Жалбызбай Итаяқовтың айтуынша, экологиясы таза мекеннен жеміс бағын да, төрт түлікті де табуға болады. Кезінде бір-екі бас сиыр ұстап, мал баққан қатардағы отбасы "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасының арқасында берекелі тіршілікке жетіпті. Инфрақұрылымды дамытуға мемлекет 3 миллион теңге көлемінде грант бөлініп, сағатына бес киловатт энергия өндіретін күннен қуат алатын қондырғының арқасында қожалықта су, жарық пен жылу мәселелері шешілген.
- Баламыз екеуміз 2020 бағдарламасына 2012 жылы өтінім беріп, 2,5 миллион несие алуға қол жеткіздік. Сол несиеге ірі қара мал, жылқы сатып алдық. Алдағы мақсатымыз - осы малды асылдандыру,- дейді Жалбызбай Итаяқов.
Айта кетейік, дәл осындай күн сәулесінен қуат алатын қондырғы тағы үш шаруа қожалығына бұйырды. Жалпы мемлекеттік бағдарлама аймақтағылар үшін жемісті болып тұр.