ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ҮШІН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
«Сыңғырла соңғы қоңырау!». Бүгін Жаңақорған ауданына қарасты барлық білім ошақтарында осындай атаумен бітіруші тілектер үшін соңғы қоңырау соғылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Сән-салтанаты келіскен шараның бірі кенттегі №3 мектеп-интернатта өтті. Бүгінде бұл білім ошағынан 28 бітіруші түлек табалдырықтан аттаса, оның 25-і ҰБТ-ға қатысады. Шара барысында бастауыш сынып оқушылары бітіруші түлектерге арнап би билеп, ән шырқап, інілік ізет көрсетті.
Мектеп директоры Л.Нәлібаева түлектерге ақ жол тілеп, бір топ озат оқушыларға «Мектеп мақтанышы» атты медаль табыстады. Сондай-ақ жыл бойы оқушыларды білім-ғылымға баулыған ұстаздар қауымы мен олардың шәкірттерін арнайы «Алғыс хаттармен» марапаттады. Өз кезегінде ел ағалары З.Шермағамбетов, І.Нәрзілдаев жас буынға ағалық ақжарма лебіздерін жеткізді.
Осы білім ордасының жанашыр қамқоршысы, ел ағасы Амангелді Абдуллаевқа мектеп басшылығы кеудесіне «Атымтай жомарт» лентасын тағып, сый-сияпат көрсетті.