ЖАҢАҚОРҒАНДА ӨНЕР МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
«Мәдениетім- мәртебем». Осындай тақырыпта Жаңақорған аудандық мәдениет үйінің алаңында мерекелік шара болып өтті. Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Р.Рүстемов пен аудандық маслихат хатшысы А.Нәлібаев қатысып, осы салада жүрген барша қызметкерлерді мерейлі мерекемен құттықтады, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімі жылы лебізінен кейін ауданымыздың мәдениет саласына зор үлесін қосып жүрген бірқатар мәдениет қызметкерлері аудан әкімінің құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды. Марапаттау сәті мерекеге арнайы дайындалған өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.