АУДАНДЫҚ МЕШІТТЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясында философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетаймен бірқатар кездесулер болып өтті.
«Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында «Дін мен дәстүр» тақырыбындағы кездесуге аудандық ақпараттық насихаттық топ (АНТ) мүшелері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар, «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдері, Жаңақорған аграрлы техникалық колледж студенттері, белсенді жастар және үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.
Сонымен қатар аудандық мешітте зиялы қауым өкілдері және жастардың қатысуымен «Ислам - бүлікшілік діні емес, бірліктің діні» тақырыбында кездесу өтті. Одан ары қарай Астана қаласынан арнайы келген теологпен аудандағы барлық мешіт имамдарын қатыстырып, «Имам келбеті - мұсылманның тұлғалық бейнесі» тақырыбында имамдардың білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізді. Шара соңыңда тыңдаушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға теолог маман тұшымды жауап берді.
Айта кетейік, өткізілген шаралар Жаңақорған ауданы әкімінің қолдауымен дайындалып жатқан «Туған жерге тағзым» атты деректі кино фильмінде орын алатын болады.