ЖАҢАҚОРҒАНДА «ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ» АТТЫ КИНОФИЛЬМ ТҮСІРІЛІМІ БАСТАЛДЫ
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Жаңақорған ауданы әкімі Р.Рүстемовтің бастамасымен тарихи-мәдени жоба қолға алынды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Елімізге танымал режиссер Қалила Омаровтың жетекшілік етуімен «Туған жерге тағзым» атты кинофильм өз жұмысын бастады. Кешелі-бүгін түсіру тобы ауданға қарасты тарихи-мәдени, рухани ескерткіштер мен көне қалалар орнын таспаға басуда. Жобаға діни-рухани, ғылыми тұрғыдан философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай жетекшілік етіп, пайымды пікірін білдіруде.
Бүгінге дейін Сыр жағасындағы Төлегетай, Қылышты ата, Қылауыз ата, Хорасан ата, Бақсайыс кесенесі, Қыр Өзгент, Үш ата, Ақтас мешіті мен Айқоша ишан кесенесі, Сауран, Сығанақ қаласымен тағы бірқатар мәдени-рухани орындарын таспаға басылып үлгерді.