101 ЖАСЫНДА ЖАҢАЛЫҚ ЖАСАДЫ
Қартаюдың орнына жасаруда! Қызылорда облысының Жаңақорған елді-мекенінде осындай бір ерекше құбылыс болып жатыр. 101 жастағы соғыс ардагері Жүніс Қабыкенов жасару қасиеті ие болған, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Қарияның ағарған шашы қайта қарайып, түгел түсіп қалған тістері қайта шыға бастапты. Қазір бір емес, 4 тісі бар. Аяқ астынан жасару ақсақалды да, ағайын-туысты да қуантуда.
101 жастағы Жүніс Қабыкеновтің үйінде қазір күнде жиын, күнде қонақ. Бәрі де – соңғы уақытта ақсақалдың бойында пайда болған құбылысты естіп келгендер. Ғасыр жасаған соғыс ардагері енді жасаратын қасиетке ие болған. Алдымен кезінде түгел түскен тістерінің біразы өсіп шығыпты.
Жүніс қарияның әбден қартайғанда қайта жасаруына мамандар да таңқалып отыр. Әсіресе , тіс дәрігерлері. Өйткені шаштың кері қараюы болмаса, тістің қайта шығуы мүмкін емес екен.
"Адам өмірінде тіс жақ бетінің дамуы екі кезеңнен ғана тұрады. Ол кезең белгілі бір өзінің жасына сәйкес келеді. Ол сүт тістер шығу кезеңі және тұрақты тістер шығу кезеңі. Бірақ енді мынадай жағдай біздің тарихымызда кездескен емес”, – дейді тіс дәрігері Пернекүл Әлібекова.
Жалпы әлемдік тәжірибеде адам жасы, егер күтінер болса, 200-ге дейін жететіні дәлелденген. Және кәрілік белгілі бір межеге жеткенде кері жасару процесі жүруі мүмкін екен. Жүніс қария сол қасиетке ие болса керек.