ЖАҢАҚОРҒАНДА КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Жаңақорған удандық мәдениет үйінде Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің он жетінші аудандық байқауы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға 16-22 жас аралығындағы үміткерлер қатысып, үш шарт негізінде (прозалық, драмалық шығармадан үзінді оқу және мәнерлеп өлең оқу) бақ сынасты. Жеңімпаздарға дипломдармен, бағалы сыйлықтар табысталды. Талапкердің көркем оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне, сахнада өзін-өзі ұстауына, сахналық киім сәніне назар аударған қазылар алқасы №54 орта мектептің 10 сынып оқушысы Парманқұл Сакенді бас жүлдеге лайықты деп таныды. Енді Сәкен алдағы уақытта қызылорда қаласында өтетін облыстық байқауда аудан намысын қорғайтын болады.
Айта кетейік, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру және көркем әдебиетті насихаттау, жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарға мүмкіндік беретін бұл дәстүрлі байқау елімізде 1998 жылдан бері өткізіліп келеді.