КЕЙДЕН АУЫЛЫНДА «ТАҒЗЫМ» АЛАҢЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Кеше Жаңақорған ауданына қарасты Кейден ауылдық округінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, «Тағзым» алаңы бой көтерді. Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, салтанатты шараға аудан әкімі Р.Рүстемов қатысып, ауыл тұрғындарын «Тағзым» алаңының ашылуымен құттықтап, мәңгілік алау басына гүл шоғын қойды.
«Біз бүгін ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен Ұлы Отан соғысының ержүрек жауынгерлері мен ардагерлері алдында тағзым етеміз. Себебі Отанымыздың азаттығын қорғау жолында, соғыста да, тылда да аянбай еңбек еткен ардагерлерді ұмытпау - біздің парызымыз. Олай болса біз соғыста жан қиған ардагерлерімізді жыл сайын мәңгілік алау алдында еске алайық»,- деді өз сөзінде аудан басшысы.
Салтанатты шара соңы оқушылардың орындауындағы майданда жауынгерлерге жігер берген әсерлі әндермен аяқталды.