ЖАҢАҚОРҒАНДА БАТА БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Жаңақорған ауданы, М.Нәлібаев ауылында қос бірдей шара қатар өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Алдымен мектеп ауласындағы «Тағзым» алаңына гүл шоғын қоюдан басталды. Одан әрі ауылдық клубта ел ағасы З.Шермағанбетов, жетекші партияның аудандық филиалының бірінші орынбасары М.Балқожаев жиылғандарды Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтап, бір топ тыл ардагерінің кеудесіне мерекелік медаль тақты. Ауыл әкімі Е.Ильясов пен ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Сұлтанов отты жылдары еңбек майданында маңдай терін төгіп, ел жағдайының еңсесін тіктеуде елеулі үлестерін қосқан тыл ардагерлеріне ақжарма лебізін жеткізді.
Мұнан кейінгі шара барысы «Бата–ұлттық тәлім тәрбиенің бастауы» атты аймақтық бата байқауына ұласты. Үш бөлімнен құралған байқауда көршілес ауыл-аймақтан келген батагөйлер бақ сынасты. Тәлімі мол тәрбиелік сөздерін тілдеріне тиек еткен қатысушылар ұйымдастырушы тараптың «Алғыс хатына» ие болды.