СУНАҚАТАЛЫҚ ЖАСТАР АВТОШЕРУ ӨТКІЗДІ
Жаңақорған ауданыны, Сунақ ата ауылының жастары соғыс ардагері және тыл ардагерлерін темір тұлпарларына мінгізіп, көшеде автошеру жасады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. Жалаулатқан жастар қауымы жеңісті жақындатқан майдангер аталарына осылай құрмет көрсетті.
Мұнан кейін №194 орта мектеп базасында өнерлі оқушылар патриоттық бағыттағы әндер шырқап, флешмоб ұйымдастырды. Салтанатты шарада сөз алған, ауыл әкімі Әзия Қыстаубаева Мемлекет басшысының Ұлықтау рәсімінен алған әсерімен көпшілікпен бөлісті. Сондай-ақ, соғыс ардагері Шәймерден Сүйіндіков бастаған абыз ақсақал мен бір топ тыл ардагеріне Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік медаль табыстады. Елбасының ыстық сәлемін жеткізген ауыл әкімі қоғамдық істерге белсене атсалысып жүрген саланың жас мамандарын «Алғыс хаттармен» марапаттады.