ЖАҢАҚОРҒАНДА ГАЗДАНДЫРУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары С.Ыдырысовтың жетекшілігімен кентті газдандыру жобасы талқыланды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Жиында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сервистік жобалар бойынша департаменті директоры Бердібек Рахимов газдандыру жайлы толық ақпарат берді. Белгілі болғандай, бір тұрғын үйді газдандыру құны жоба-сметалық жұмысы мен пайдалануға қабылдауды қоса есептегенде 25 метр құбырға қосымша құн салығымен 138155 теңге. Ал, тұрмыстық газ есептегіш құны ҚҚС-мен бірге 10000 теңгеден басталса, жылыту пешінің құны тұрғын үй ауданына байланысты 80000 теңгеден басталады. Яғни, орташа есеппен бір абонентке 228155 теңге көлемінде қаржы керек.
Әзірге алғашқы газ желісін тарту аймақтары нақтылануда.