ЖАҢАҚОРҒАНДА БІРҚАТАР ЗАҢНАМАЛАРДЫ ТҮСІНДІРУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» аудандық бөлімінде бірқатар заңнамаларды түсіндіру бағытында семинар өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Алғашқы кезекте Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің басшысы Р.Тен «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» ҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, 2015 жылдан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу Кодексін таныстырып өтті.
Халыққа қызмет көрсету орталығында ҚР заңнамасына сәйкес «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыру міндеттелген. Осы бағытта әрбір қызметкер орталыққа келген тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетіп, қағазбастылыққа және әуре-сарсаңға салуға жол бермей, халықтың орталыққа деген көзқарасын жақсы жағынан қалыптастыру қажеттілігін айтып өтті.
Басқосу соңында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Жаңақорған аудандық бөлімі басшысы С.Оразгелдиев семинарды қорытындылап, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыратынына сенім білдірді.