ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ҚОС ҚАРИЯҒА ШАПАН ЖАУЫП, СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Кеше Бірлік ауылында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Әбілпатта Ыдырысов атындағы «Тағзым» алаңында ұйымдастырылған шараны ауыл әкімі Ә.Мұсаев құттықтау сөзбен ашты. Мұнан кейін отты жылдары Отанға оралмаған отандастар рухына ауыл имамы Құран бағыштап, дұға тіледі. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Одан әрі жиылғандар алдында қос бірдей соғыс ардагері Найманбай Құрбанов пен Сейтхан Байдүйсенов майдан даласындағы естеліктерін өрбітіп, жастар қауымын бүгінгідей бейбіт заманның қадірін білуге шақырды. Ұйымдастырушы тарапынан жеңісті жақындатқан қос қарияға шапан жауып, сый-құрмет көрсеткеннен кейін өнерпаз өрендер патриоттық бағыттағы әндерін арнады.
Шара соңы ауылдық клуб үйінде «Қызғалдақ» балабақшасы ұжымының сахналық қойылымы мен концерттік бағдарламасына ұласты.