ЖАҢАҚОРҒАНДА АВТОРЛЫҚ ЖӘНЕ САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАР ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүкіл әлемдік зияткерлік меншік пен авторлық құқықты қорғау күніне орай, аудандық кәсіпкерлік палатасы ғимаратында басқосу өтті. Дөңгелек үстел аясында авторлық және сабақтас құқықтар бойынша заңнама талаптары түсіндірілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудандық әділет басқармасының бас маманы О.Өскенбаева зияткерлік меншіктің материалдық емес игілікке жататындығын, тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланатындығы жөнінде хабарлама жасады. Сондай-ақ Кәсіпкерлік палатасының аудандық филиал директоры А.Жанадилова авторлық құқық жөнінде кең ауқымды ақпараттық кеңесін сөз етті.
Басқосу барысында қатысушы ҮЕҰ-мүшелері мен есеп мамандары, жас кәсіпкерлер көкейлерінде жүрген сауалдарын ортаға салды.