ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жас жеткіншектер арасында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында Жаңақорған ауданында оқушылармен кездесу өтті.
Сала мамандары қатысқан тәлім сағатын №169 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ольга Шин ұйымдастырды. Бірінші кезекте арнайы интерактивті тақта арқылы бейне-ролик көрсетіліп, шәкірттердің тақырып аясындағы ой пікірлерін тыңдады. Одан әрі аудан прокурорының орынбасары Н.Қалиев, аудандық білім бөлімінің сала әдіскерлері М.Жандарбекова, М.Егенбердіқызы оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында түсіндірме насихаттарын өрбітті. Әсіресе, ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы-қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам екенін сөз еткен сала мамандары жасөспірімдерді қашанда жақсылық жолында жарысуға үндеді.
Айта кетейік, аудандық білім бөлімінің ұйытқы болуымен мұндай кездесулер өзге де 6 білім ошағында өткізілді.