«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЙЫЗЫ» МҮШЕЛЕРІ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
«Менің Қазақстаным» пойызы» акциясы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің қатысуымен №110 мектеп-лицей мәжіліс залында «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» тақырыбында мектеп бітіруші түлектермен кездесу өтті.
900 мектеп бітіруші түлектер мен ұстаздар қатысқан кездесу барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты департаменті басшысының орынбасары Е.Үйсімбаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-техникалық комитетінің басқарма басшысы А.Әйменова және кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді модернизациялау департаментінің, оқу-тренингтік орталығының мамандары бітірушілерге кәсіби бағдар берді.
Кездесу соңынан КТК өнерпаздары оқушыларға өз өнерлерін көрсетіп, лицей ауласында «Туған қалаңа ағаш сыйла» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында 40 көшет отырғызылды.