«ОРДАКЕНТ» АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Ілкімді шаралар легі «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында жалғасын тапты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Менің Елім Мәңгілік Ел» фото, кітап көрмесін тамашалағаннан кейін, үгіт пойызы мүшелері «Сығанақ» этно-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестік мүшелері және ел ағалары мен жас буын өкілдерімен жүздесті. Аудан әкімі Р.Рүстемовтың модераторлығымен өткен басқосуда ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісім тақырып өзегіне айналды.
Кездесуде «Менің Қазақстаным» поездының директоры, философия ғылымының докторы Ғ.Телебаев пен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аға ғылыми қызметкері Т.Жакиянов еліміздегі этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету, этно-мәдени бірлестіктердің жұмысына жағдай жасау жөніндегі тұщымды ойларын ортаға салды.
Айта кетейік, жүздесулер легі ары қарай семинар трениг пен Қоғамдық келісім кеңесінің қабылдауы және ҚХА жобалары мен конкурстардың бейне таныстырылымы, теңдессіз сыйлық акциясы өтеді.