ҮГІТ ПОЙЫЗЫ МҮШЕЛЕРІ СОҒЫС АРДАГЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Аудан әкімі Р.Рүстемов пен ел ағасы З.Шермағамбетов үгіт пойызы мүшелерімен Ұлы Отан соғысының ардагері Махметжан Сапарбаевтың шаңырағына табан тіреді, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Майдангер абыздың бүгінгі хал-ахуалына қаныққан «Менің Қазақстаным» үгіт пойызының директоры Ғ.Телебаев ардагерді Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, мерекелік сый-сияпаттар ұсынды.
Аудан әкімі бүгінде аудан бойынша 12 соғыс ардагеріне тиісті дәрежедегі көмектер көрсетіліп, алдағы мерейтойға қызу дайындық үстінде екенін жеткізді. Емен жарқын сұхбат барысында ардагер отты жылдардағы естеліктерін өрбітіп, бүгінгі бейбіт заманның берекелі істеріне батасын берді.
Айта кетейік, Махметжан Сапарбаев I-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені мен басқа да Жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталып, бертін келе елге қосқан елеулі еңбегі үшін Тәуелсіз еліміздің «Құрмет» орденін кеудесіне таққан.