ҚҰРАМЫНДА 20-ҒА ЖУЫҚ АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР АУДАНДЫҚ ЕМХАНАДА ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Үгіт-насихат құрамындағы 20-ға жуық ақ халатты абзал жандар аудандық емханада тұрғындарды қабылдап, дәрігерлік кеңестерін беруде.
- Міне, кеше аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінен осындай білікті дәрігерлер тобы келеді дегенді оқып, қазір кардиологтың алдында кезегімді күтіп тұрған жайым бар, - дейді 60 жастағы кент тұрғыны ақжаулықты Ұлжан Сауранбаева. - Соңғы кездері қан қысымым көтеріліп, жиі мазалауда. Жуырда қан қысымым 200-жетіп, ауруханадан бірақ шықтым. Адам өзі жасы ұлғайған сайын, басы ауырып, балтыры сыздап денсаулық сыр бере бастайды екен.
Дәрігерлерге көрініп, қажетті кеңес алсам деген аудан тұрғындары мемлекетіміздің осындай мол мүмкіндіктер жасап жатқанына ерекше ризашылықтарын жеткізді.