ПОЙЫЗ ӨКІЛДЕРІ АУДАНДЫҚ ТАРИХИ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ
«Менің Қазақстаным» пойызының насихатшы өкілдері Жаңақорған аудандық тарихи өлкетану музейінің тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Бірінші кезекте музей қызметкері Бақдәулет Таждинов археология және этнография залындағы мол экспонанттармен таныстырды. Сырдың бойы мен қарт Қаратау бөктерінен табылған көне жәдігерлер мен ескі қалашықтар орны қонақтар қызығушылығын арттырды. Әсіресе, әдебиет және өнер залындағы жергілікті ақын-жазушылардың тұтынған заттары мен ғұмыр-деректеріне тәнті болысты. Саналы ғұмырын мәдениет саласына арнаған халық ақыны Манап Көкенов, Құтбай Дүрбаев, Бексұлтан Байгенжеев сынды сазгердің мұражай төрінен орын алуы өнерге деген ерекше қамқорлықтың көрінісі екенін келушілер сөз етті. Соңыра музейдің арнайы «Тілек кітабына» Үгіт пойызының директоры Ғ.Төлебаев пен Татьяна Бурмистрова алған әсерлері мен ізгі ілтипаттарын жазып, қолтаңбаларын қалдырды.